Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатында 2026 жылғы түлектерге жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Мерекелік іс-шара барысында түлектерге аттестаттар тапсырылып, олардың білім жолындағы жетістіктері ерекше аталып өтті. Биылғы оқу жылында лицейдің үш түлегі «Алтын белгі» иегері атанып, жоғары білім көрсеткіштері мен үлгілі еңбектерінің нәтижесін дәлелдеді.
Салтанатты жиында ұстаздар мен ата-аналар түлектерге ақ жол тілеп, болашақта ел дамуына үлес қосатын білімді де білікті азамат болуларына сенім білдірді.
Жас түлектерге алдағы өмір жолында сәттілік, биік мақсаттар мен толағай табыстар тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1243946?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау