Достық ауылдық округі әкімі аппаратында ауыл тұрғындарына Достық КПБ УПИ-мен бірлесіп азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бөтеннің мүлкін ұрлау және интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытында профилактикалық іс-шара өткізілді. Кездесу барысында құқық қорғау органдары өкілдері тарапынан бөтеннің мүлкін ұрлау және интернет-алаяқтық қылмыстарының жасалу тәсілдері, азаматтардың жеке деректерін қорғау және интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қатаң сақтау және күмәнді жағдайлар туындаған кезде уәкілетті органдарға жедел хабарлау қажеттігі айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1243764?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау