2026 жылғы 8 сәуірде Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы – Урашева Сәуле Тұрсынқызы VIII шақырылған аудандық мәслихатының кезекті XLVII сессиясын өткізді.
Сессия жұмысына Абай облыстық мәслихатының депутаттары – Хазипов Рафаиль Сайтмагруфович, Майжанов Уәлихан Төкенұлы, Давыдович Олег Олегович, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Онлайн режимде Абай облысы бойынша ревизиялық комиссияның мүшесі – Арғынгазина Асель Аманжоловна қатысты.
Сондай-ақ аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, дербес бөлімдердің жетекшілері, ауылдық және кенттік округтердің әкімдері, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері, жұртшылық өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия барысында «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы» есебімен Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары – Сапоров Қайрат Болатұлы баяндама жасады.
Абай облысы бойынша ревизиялық комиссияның «2025 жылға арналған Бородулиха ауданының жергілікті бюджетінің орындалуы туралы» есебін бекіту мәселесі бойынша ревизиялық комиссия мүшесі – Арғынгазина Асель Аманжолқызы сөз сөйледі.
Сонымен қатар сессия барысында «2025 жылға арналған Бородулиха ауданының ауылдық және кенттік округтері бюджеттерінің орындалуы туралы есептерді бекіту туралы» мәселелер қаралды, сондай-ақ Бородулиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының «Бородулиха ауданы аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» ақпараты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының «2025 жылы атқарылған жұмыстар және 2026 жылға жоспарланған жұмыстар туралы» ақпараты тыңдалды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданып, ұсыныстар берілді.
«Әртүрлі» бөліміндегі мәселелер бойынша да тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1243189?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау