БҚО облысы Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«19» маусым күні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылының аумағында «Жаңақала-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде.
Оқу-жаттығудың мақсаты – Жаңақала ауданының арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі БҚО жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1243602?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version