Бүгін аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Отырысты аудандық мәслихатының депутаты Ж.Тұрабаев төрағалық етті.

Күн тәртібінде Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Тарбағатай аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №32/2-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №11/4-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 маусымдағы «Жер комиссиясын құру туралы» №158 қаулысын бекіту туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданып, кезектен тыс қырқыншы сессияға бекітуге жіберілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1244099?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version