Бюджет қаражатына қол салған есепші сотталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҚО Тасқала ауданының прокуратурасы Тасқала ауданы білім бөлімінің Мектептен тыс жұмыс орталығы» мемлекеттік кәсіпорынының есепшісі 9 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады.

Нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Соттың  06.05.2026 жылғы үкімімен есепші 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 3 жылға материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды, қаражат бюджетке қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1243313?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version