Целиноград ауданында Медицина қызметкерлері күні жоғары деңгейде атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград аудандық мәдениет үйінде адам өмірі мен денсаулығының қорғаны саналатын ақ халатты абзал жандарға арналған салтанатты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлының қатысуымен өтті.

Бүгінгі таңда Целиноград ауданында денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып, сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде биылдың өзінде ауданның 16 елді мекенінде заманауи дәрігерлік амбулаториялар мен жаңа медициналық нысандар пайдалануға берілді. Сонымен қатар, аудандық емхана соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылып, жергілікті мамандардың кәсіби әлеуеті мен біліктілігі де айтарлықтай нығая түсті.

Осынау оң өзгерістер мен ауқымды жетістіктер аясында аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлы сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері мен мінсіз қызметтері үшін бірқатар медицина мамандарына Алғыс хаттар табыс етті. Өз сөзінде аудан басшысы дәрігерлердің қоғамдағы мәртебесі мен ерен еңбегінің маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.

Мерекелік жиынның ресми бөлімі аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна төрінде шырқалған әсем әндер мен күмбірлеген күйлер көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Целиноград ауданының әкімдігі қоғам игілігі мен ұлт саулығы жолында аянбай қызмет етіп жүрген барша дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіреді. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс пен толағай жетістіктер тілейміз! Еңбектеріңіз жана берсін, шипалы қолдарыңыз бен жылы жүректеріңіз аман болсын!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1243182?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version