Ескелді ауылдық округінде заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🚭 2026 жылғы 15 маусым күні жастардың денсаулығын қорғау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Ескелді ауылдық округі аумағындағы сауда орындарында кезекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында дүкен иелері мен сатушыларға кәмелетке толмағандарға электронды темекі өнімдерін, вейптерді, темекі өнімдерін және алкоголь өнімдерін сатуға заңмен қатаң тыйым салынатыны түсіндірілді. Сондай-ақ заң талаптарын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, айыппұл салынатыны туралы нақты ақпарат берілді.

Түсіндіру жұмыстары кезінде сатушылардың жасөспірімдерге темекі және алкоголь өнімдерін сатпас бұрын олардың жасын анықтау мақсатында жеке басын куәландыратын құжаттарды міндетті түрде талап ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Мамандар тарапынан кәмелетке толмағандардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау – қоғамның ортақ міндеті екені айтылып, сауда орындарына заң талаптарын қатаң сақтау жөнінде ескертулер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1243371?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version