18.06.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаменті, Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мен Жетісу облысы адвокаттар алқасы, Жетісу облысы нотариаттық палатасы, Талдықорған қаласының прокуратурасы мен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қатысуымен халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету шарасы өткізілді. Іс-шара барысында тұрғындардың сұрақтарына заңгерлер, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары, мемлекеттік орган өкілдері жауап беріп, заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған шара халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Нәтижесінде 29 азамат өз сұрақтарына жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1243671?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау