Кездесудің басты мақсаты – жастарға елімізде жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформалардың мәнін түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру, сонымен қатар ағымдағы жылғы жаз айларының ішінде өткізілетін Құрылтай сайлауына дауыс беруге белсенді қатысуға шақыру болды.
Студенттерге Құрылтайдың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі орны, оның қызмет бағыттары және қалыптастыру тәртібі, жаңа Конституциялық өзгерістердің басты ерекшеліктері түсіндіріліп, мемлекеттік билік институттарының жаңғыртылуы, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерінің кеңеюі және қоғамның мемлекеттік басқарудағы рөлінің артуы жөнінде айтылды.
Атап айтқанда, Құрылтай халық пен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған өкілді институт ретінде қарастырылатыны айтылды. Оның құрамына партиялық тізімдер арқылы өңірлерден сайланған өкілдер, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, сарапшылар, ғылым, білім, мәдениет және еңбек саласының өкілдері енуі мүмкін екендігі түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттер Құрылтайдың құрылымы, оның өкілеттігі, сайлау тәртібі және қабылдайтын шешімдерінің маңызы жөнінде сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуы демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші екені ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1243295?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау