«Ішімдіксіз ауыл»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылащы ауылдық округінде 2026 жылғы 15-19 маусым аралығында «Ішімдіксіз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту, сондай-ақ тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Аталған іс-шара аясында ауылдық округ әкімдігі, учаскелік полиция мен қоғамдық жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысымен бірлесіп, түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Тұрғындармен кездесулер өткізіліп, алкогольдік ішімдіктердің адам денсаулығына, отбасы берекесіне және қоғамдық қауіпсіздікке тигізетін кері әсері түсіндірілді.              

Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Ауыл аумағындағы сауда нысандарының иелерімен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп, алкоголь өнімдерін сату талаптарын сақтау, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктерді сатуға жол бермеу туралы заң талаптары түсіндірілді.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Ауыл тұрғындарына ақпараттық парақшалар таратылып, әлеуметтік желілерде түсіндіру материалдары жарияланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/1244144?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version