Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңатас қаласындағы №16 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арасында дене шынықтыру және кәсіби даярлық жаттығулары өткізілді. Жаттығу барысында жеке құрамның дене дайындығы мен төзімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалар орындалып, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету дағдылары жетілдірілді. Мұндай шаралар өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігін арттырып, жауынгерлік әзірлігін нығайтуға ықпал етеді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау