«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елорда полициясы абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Атап айтқанда, бейнебақылау камераларын мониторингтеу барысында құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу дерегі анықталды. Тексеру нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісі «Shacman» маркалы автокөлікпен қала аумағында құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерге төккені белгілі болды. Құқық бұзушы анықталып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Полиция құрылыс және өзге де қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға ғана шығаруға болатынын ескертеді.
Жыл басынан бері елордада абаттандыру ережелерін бұзудың 24 мыңнан астам дерегі анықталды. Барлық факті бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында полиция қызметкерлері қала аудандарының барлығында аумақтарды ластау, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу мен жинақтау фактілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Барлық анықталған құқық бұзушылықтар тіркеліп, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1244197?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау