КЕНТАУДА САҚ МӘУЛЕНҚҰЛОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қалалық орталық кітапханасында өмірі өнегеге, еңбегі ерлікке толы тау-кен саласының ардагері, Кентау қаласының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға Сақ Мәуленқұловтың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.

Сақ Мәуленқұлов – КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КОКП-ның ХХІV және ХХVІ съездерінің делегаты, Еңбек Қызыл Ту және тәуелсіз Қазақстанның «Отан» ордендерінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Кентау қаласының Құрметті азаматы. Ол саналы ғұмырын кен өндірісі саласын дамытуға арнап, ел игілігі жолында еселі еңбек еткен тұлға ретінде халық жадында сақталды.

Тағылымды шараға қала ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, жастар мен кітапхана оқырмандары қатысты. Жиын барысында қатысушылар Сақ Мәуленқұловтың өнегелі өмір жолы, еңбек майданындағы жетістіктері мен ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы естеліктерімен бөлісті.

Кеш аясында Сақ Мәуленқұловтың өмірі мен еңбек жолын кеңінен насихаттайтын арнайы көрме ұйымдастырылып, онда тұлғаның өмірінен сыр шертетін фотосуреттер, тарихи деректер көпшілік назарына ұсынылды.

Ұлтқа қызмет етудің, адал еңбек пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен Сақ Мәуленқұловтың есімі мен өнегелі ғұмыры кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1242994?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version