Бүгін аудандық мәслихаттын кезектен тыс ХХХХІ сессиясы өткізілді. Сессияның күн тәртібіне сәйкес “Қаратөбе аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 35-3 “Қаратөбе ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы” шешім жобасымен аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Л.Есказиева таныстырды. Сонымен қатар, аудандық бюджет комиссиясы құрамына толықтыру енгізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелерің барлығы талқыланып, бірауыздан бекітілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karatobe-maslihat/press/news/details/1243922?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау