Кезекті отырыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жасұлан Сәдуақасовтың төрағалығымен Екібастұз қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында күн тәртібіне енгізілген алты мәселе қаралды. Қоғамдық кеңес мүшелері үш нормативтік құқықтық актінің жобасын талқылады. Атап айтқанда, 2026–2030 жылдарға арналған Екібастұз қаласын дамыту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, инватакси қызметін алушылар санаттарын кеңейту, сондай-ақ қала бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларына өзгеріс енгізу мәселелері қарастырылды.

Аталған жобалар бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы         С. Қорабаева, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы З.Джаксыбаева, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Хакимов баяндама жасады. Талқылау барысында туындаған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, нәтижесінде Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған жобаларды қолдады.

Отырыста Жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Еркін Құсан орталықтың атқарған жұмыстары мен 2026 жылға арналған жоспарлары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ұсынымына сәйкес, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы мәселесі бойынша Шідерті поселкесінің әкімі А.Насиковтың және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы  А.Копежановтың есептері тыңдалды. Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.

Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, оларды іске асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1244282?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version