Көкдала шағын ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде сенбілік ұйымдастырылды. Көкдала шағын ауданының аумағы ретке келтіріліп, 8 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды. Жалпы өңірде тазалық және абаттандыру жұмыстары аптасына екі рет жүргізілуде. Сонымен қатар, «Таза бейсенбі» акциясы да қарқын алуда. Бүгін Көкдала шағын ауданында шөптер орылып, аумақтың көркі айтарлықтай жақсарды.

 Тазалық жұмыстарына 200-ге жуық адам қатысып, 2 арнайы техника жұмылдырылды. Бұл қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі.

Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Осыған орай аудан тұрғындарын сенбілік жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз. Табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір азаматтың жауапкершілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1243887?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version