Медицина қызметкері күні қарсаңында Комитетте еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан мамандарға құрмет көрсетілді. Құттықтау сөз сөйлеген Комитет төрағасы Сархат Бейсенова санэпидқызметтің халық денсаулығын қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аурулардың алдын алу бағытындағы маңызды рөлін атап өтті.
«Еңбек ардагері» медалімен Бақыт Бекбергенова марапатталды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі Арай Зекеноваға табысталды. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен Жасұлан Қойшыбаев пен Анара Даутқызы марапатталды. Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен Аяулым Тасқынғали, Алғыс хатымен Жасұлан Алпысбаев пен Айнұр Ахметова наградталды. Сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Құрмет грамотасымен Лаура Акишева, Жұмабек Нұрғаламов, Айгүл Тілесова және Айжан Дүйсембай марапатталды.
Медицина қызметкері күніне орай санэпидқызмет өкілдерінің Қазақстан Республикасы Президенті мен Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатысқанын ерекше атап өткен жөн. Биылғы марапат иелерінің қатарында «Құрмет» орденімен наградталған Райгүл Уаисова, Әбдел Зият Жұмаділұлы, Тоқтасын Ерубаев және Манар Смағұл бар. Еңбек ардагері Кеңес Оспанов «Парасат» орденімен марапатталды.
Сондай-ақ санэпидқызмет саласы бойынша екі номинация бойынша кәсіби шеберлік байқауының қорытындылары шығарылды. «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бейін дәрігері» номинациясының жеңімпазы болып Ләззат Секербаева танылды. Ал «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы» номинациясында Әлия Жансейітова жеңімпаз атанды.
Мерекелік іс-шаралар аясында Сархат Бейсенова аумақтық департаменттердің, обаға қарсы станциялардың және Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының қызметкерлерімен онлайн-кездесу өткізіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Комитет барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жанқиярлық еңбектері, мамандыққа деген адалдықтары және ел халқының денсаулығын сақтауға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1243999?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау