Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz
Қазіргі қоғамда Конституцияны білу азаматтардың құқықтық мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Негізгі заң адам құқықтары мен бостандықтарын бекітіп қана қоймай, мемлекеттің, қоғамның және мемлекеттік басқару жүйесінің дамуының негізгі қағидаттарын айқындайды. Халықтың конституциялық сауаттылығын арттыру және Конституция ережелерін түсіндіру мақсатында Конституциялық Сот азаматтардың түрлі санаттары арасында ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды жалғастыруда.
Осы бағыттағы іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Еркін Оңғарбаев Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы мен курсанттарына дәріс оқыды.
Дәріс барысында ол Конституцияның негізгі ережелері мен конституциялық реформаның басты жаңашылдықтары туралы айтып, олардың мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтудағы, құқықтық мемлекетті дамытудағы, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтудегі маңызын атап өтті.
Конституциялық Сот Аппараты бөлімі басшысының орынбасары Асет Балғынтаев қатысушыларды Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібімен таныстырып, конституциялық бақылау органының қызметі туралы ақпарат берді.
Ашық диалог барысында конституциялық заңдылықты нығайту, Конституциялық Соттың ұлттық құқықтық жүйедегі рөлі, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Сонымен қатар Еркін Оңғарбаев пен Асет Балғынтаев Қарағанды облысының жастар көшбасшыларымен кездесті. Әңгімелесу барысында конституциялық реформаның елдің одан әрі дамуы үшін маңызы, жастардың конституциялық құндылықтарды дәріптеудегі, құқықтық мәдениетті арттырудағы және құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтудағы рөлі талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1243695?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау