Мәртөк ауданына жұмыс сапары.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Г.С. Тұрсынбаев ағымдағы жылдың 2 маусымында Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен барып, Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық аурухана, Мансап орталығымен танысты.
Сапар барысында мүгедектігі бар адамдарға арналған жеке оңалту бағдарламаларының орындалу барысы, арнайы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу сапасы, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың ғимараттарға кедергісіз кіріп-шығуына жасалған жағдайлар қарастырылды.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында өзекті мәселелер талқыланып, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін Құрылыс кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1243429?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version