Құрметті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының мамандары!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз халық денсаулығын сақтауға, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге және жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған. Жоғары жауапкершілік пен кәсібилікті талап ететін қызметтеріңіз қоғамның қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін аса маңызды.
Адал еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз бен өз ісіңізге деген жанашырлықтарыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, кәсіби табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Мереке құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1244230?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау