Медицина қызметкерлері күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жумагулова Айгүл Отанқызы

     Жумагулова Айгүл Отанқызы еңбек жолын 1986 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының коммуналдық гигиена бөлімінде санитариялық дәрігер болып бастаған.

     Көп жылдар бойы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында абыройлы қызмет етіп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби тәжірибесі мен білімін жас мамандарға үйретіп, көптеген білікті шәкірт тәрбиелеген қадірлі маман.

    Саладағы адал еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар, 2021 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісіне ие болды.

      Айгүл Отанқызы — санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына үлес қосқан, кәсібіне адал, ұрпаққа үлгі болар тәжірибелі маман.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1243928?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version