Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бұл күні күнделікті ең құнды-денсаулық пен адамдардың өмірін күзететін адамдарға шын жүректен алғыс сөздер айтылды. Дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, санитарлар, “жедел жәрдем” жүргізушілері және басқа да сала мамандары аудан басшылығынан, әріптестері мен тұрғындарынан құттықтаулар қабылдады.
Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдібаев құттықтады. Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін үздік қызметкерлер аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1243237?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version