Мемлекеттік инфрақұрылым объектісінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мүгедек адамдар үшін қолда бар жағдайлардың болуы мен сәйкестігіне мониторинг жүргізілді «Антонов ауылдық округі әкімінің аппараты» мекемесінде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және ақпараттық технологияларды бақылау жөніндегі бас инспекторы Л. Биксандаева, «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ өкілі А.А.Қайыржановамен коммуналдық мемлекеттік инфрақұрылым объектісінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мүгедек адамдар үшін қолда бар жағдайлардың болуы мен сәйкестігіне мониторинг жүргізілді «Антонов ауылдық округі әкімінің аппараты» мекемесінде.

Мониторинг барысында:

Ғимаратқа кіре берісте шақыру түймесі, пандус (өкінішке орай талаптарға сай келмейді), Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стендтер, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, көрсетілетін қызметті алушылар үшін жеткілікті орын бар.

Сонымен қатар, кіреберісте және бөлмеде тактильді белгілер жоқ, ғимаратқа кіреберістің есіктерінде шеңбер түрінде ашық сары ескерту белгісі жоқ екендігі атап өтілді.

Бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1243401?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version