«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен аумақтарды абаттандыруға және тазартуға, елді мекендерді көгалдандыруға, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаттары – салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілер арасында корпоративтік мәдениетті дамыту, қоршаған ортаға ұқыпты және жауапты көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың экологиялық жауапкершілік деңгейін арттыру. Іс-шараға қатысушылар қоғамдық аумақтарды тазалау, ағаш отырғызу және өзге де табиғатты қорғау бастамаларына қатысып, өмір сүруге қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруға өз үлестерін қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-sadchikov/press/news/details/1243350?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау