Алдын алу жұмыстары аясында салық төлеушілерге (салық агенттеріне) Салық төлеушінің кабинетіне хабарламалар жолданды.
Ықтимал алшақтықтар келесі бағыттар бойынша анықталды:
🔹 бейрезиденттердің табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы (101.04-нысан);
🔹 халықаралық шарттар ережелерін қолдану;
🔹 бейрезиденттерден жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде ҚҚС (300.00-нысан);
🔹 декларацияларды толтыру кезіндегі арифметикалық қателер.
МКК салық төлеушілерге мәліметтерді тексеріп, қажет болған жағдайда анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше жоюды ұсынады.
Келесі кезеңде камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар туралы хабарламалар қалыптастырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1244027?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау