Полиция қызметкерінің бір күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тергеушінің жұмыс күні күтпеген шақыртулар мен маңызды міндеттерден басталады. Оқиға орнына жедел жету, айғақтарды мұқият зерделеу, куәлардан жауап алу, мән-жайды жан-жақты саралау – мұның бәрі жоғары қырағылық пен кәсіби шеберлікті қажет етеді.

Әрбір қылмыстық істің артында адам тағдыры, әділдікке деген үміт пен сенім жатыр. Сондықтан тергеуші үшін әрбір қабылданған шешім үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл қызметте ұқыптылық және заңға адалдық – басты қағида.

Абай аудандық полиция басқармасының аға тергеушісі Ақжан Нұрғалиқызы үшін полиция формасы – жай ғана қызметтік киім емес. Ол – халықтың сенімі, Отан алдындағы парыз және Қазақстан Республикасына берген антқа адалдықтың белгісі.

Қызмет барысында ол тек кәсіби тәжірибесіне ғана емес, спорттан қалыптасқан тәртіп пен төзімділікке де сүйенеді. Себебі тергеушінің жұмысы әрдайым жинақылықты, шыдамдылықты және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуді талап етеді.

Қазақ қыздарының қайсарлығы мен батылдығын өз еңбегімен дәлелдеп жүрген Ақжан Нұрғалиқызы нәзіктік пен табандылықтың қатар үйлесе алатынын көрсетіп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1243454?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version