Бүгін таңмен ерте «Қаратөбе өңірі» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қаратөбе өңірі – өткеннің шежіресі, бүгіннің үні» атты шараға арнайы шақырылған қадірлі меймандарды ауданның кіреберісінен аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев бастаған топ салтанатты түрде қарсы алды.
Қазақы дәстүрге сай қонақтарға ақ дәм ұсынылып, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, ақжарма тілектерін арнады.
Мерейтой алдымен Алаш және Қ.Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Аудандық басылым – жергілікті жұрттың айнасы» атты конференциямен бастау алып, «Қаратөбе өңірі – өткеннің шежіресі, бүгіннің үні» атты мерекелік шарамен жалғаспақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1243899?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау