Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы азаматтарды жеке қабылдауын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Эльдар Қонысбайұлы Күзенбаев азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында көші-қон заңнамасы мәселелері бойынша өтініштер, сондай-ақ Комитет құзыретіне кіретін өзге де мәселелер қаралды.

Өтініш берушілерге қолданыстағы заңнама нормалары мен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Азаматтарды жеке қабылдау мемлекет пен халық арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады, сондай-ақ өзекті мәселелерді жедел шешуге және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Көші-қон комитеті мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықтың көші-қон саласындағы құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kqon/press/news/details/1243718?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version