Департамент басшысының м.а Г.Медеубек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында Департамент қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Департамент басшысының м.а Г.Медеубек Тұжырымдаманың құрылымына қысқаша шолу жасап, Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелерге тоқталып өтті.
Атап айтқанда:
✅ Нормалар мен қағидаларды құрметтеу;
✅ Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту;
✅ Азаматтық белсенділікті ынталандыру;
✅ Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту;
✅ Құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыру;
✅ Халықаралық беделді арттыру.
Осы ретте, іс-қимыл жоспарында көзделген жалпы 55 іс-шараның 8 тармағы бойынша орындаушы мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі белгіленген.
Бұл өз кезегінде өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын орнықтыруға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1243555?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау