Батыс Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың» негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кеңес өткізілді.
Кеңес барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту мәселелері қарастырылды.
Білім саласы қызметкерлерінің кәсіби қызметінде заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Заңға құрмет, жауапкершілік және құқықтық мәдениет заманауи білім беру жүйесін дамытудың маңызды шарттары екені атап өтілді.
Заң мен тәртіп құндылықтарын ілгерілету қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға, білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1243280?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау