Семей қаласының полициясына 30 жастағы жеке кәсіпкер алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, 2024 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында бейтаныс ер адам сенімге кіріп, ақша қаражатын көбейтуге көмектесемін деген желеумен, тендерлерге қатысу арқылы пайда табуға уәде беріп, оның 4 390 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп кеткен.
Дәлел ретінде банк мәліметінің көшірмесі тәркіленді. Аталған факті бойынша “Алаяқтық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме шарасы қолданылды.
Азаматтар «инвестиция», тендерлерге қатысу және ақшаны тез көбейту схемалары туралы ұсыныстарға сақтықпен қарауы тиіс. Ақпаратты тексеріп, ресми растау мен келісімшарттық міндеттемелерсіз бейтаныс адамдарға ақша бермеңіздер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1243261?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау