Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мәселелері қарастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 маусымда ветеринария, ветеринариялық қауіпсіздік және ветеринариялық қызмет көрсету салаларындағы адалдық қағидаттарын іске асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Жетісу облысының Ветеринария басқармасы қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің заңдылық, ашықтық және кәсіби әдеп қағидаттарын нығайту мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, жиын барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңының ережелері түсіндірілді.

Қатысушылар заңнамадағы негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтарды, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету тетіктерін талқылады.

Ашық диалог барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру және халыққа көрсетілетін ветеринариялық қызметтердің тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Осындай іс-шараларды өткізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адалдық қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-vet/press/news/details/1243431?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version