Таза қала әр тұрғыннан басталады: демалыс орындарында тәртіп пен тазалықты сақтау шаралары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкентте «Таза қала» экологиялық акциясы аясында саябақтарда, гүлзарларда, халық көп жиналатын демалыс орындары мен өзге де қоғамдық кеңістіктерде тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.

Полиция қызметкерлері мүдделі мекемелермен бірлесіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және абаттандыру қағидаларын сақтау жөнінде тұрғындар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе, адам көп шоғырланатын орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға және санитарлық тазалықты сақтауға ерекше назар аударылуда.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, қоқысты арнайы жәшіктерге тастауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады. Таза қала – туған қаламыздың көркеюі мен жайлылығы үшін әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Шымкент тұрғындарын тазалық пен тәртіпті сақтауға үлес қосуға шақырамыз. Өйткені таза әрі жайлы қаланы тек бірлесіп қалыптастыруға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1243474?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version