ВИЦЕ-МИНИСТР ЕРБОЛ ТҰЯҚБАЕВ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев жұмыс сапарымен Кентау қаласына келді.

Сапар аясында вице-министр алдымен қаладағы Арнаулы кәсіптік колледжде болып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен және білім беру үдерісімен танысты. Аталған білім ордасында мүмкіндігі шектеулі жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда колледжде бірнеше бағыт бойынша кәсіптік білім беріліп, студенттердің сапалы білім алып, болашақ маман ретінде қалыптасуына барлық жағдай жасалған.

Одан кейін Ербол Жоракелдіұлы еліміздегі ірі өндіріс орындарының бірі – Кентау трансформатор зауыты жұмысымен танысты. Кәсіпорын директоры Бауыржан Құдайбергенов зауыттың өндірістік қуаты, технологиялық мүмкіндіктері және өнім шығару барысы жөнінде кеңінен ақпарат беріп, өндіріс цехтарын аралатты.

Жұмыс сапары барысында еңбек нарығын дамыту, жұмыс орындарын құру, кәсіптік білім беру сапасын арттыру және ерекше қажеттілігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысында еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, өндіріс пен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1243000?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version