Әкімшілік учаскені аралау барысында Қосшы қаласы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мирас Қадыр қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады.
Оқиға Қосшы қаласы көшелерінің бірінде болған. Қызмет атқару кезінде полиция қызметкері аулада өзін дұрыс ұстамаған адамға назар аударды. Көп ұзамай учаскелік полиция қызметкері аталған азаматтың тұрғын үйдің ауласында қоғамдық орында табиғи қажеттілігін өтеп тұрғанын байқады.
Ер адамға жақындаған полиция қызметкері оның мас күйінде екенін анықтады. Белгілі болғандай, құқық бұзушы Атбасар тұрғыны, Астанада жұмыс істейді, ал Қосшыға досына қонаққа келген.
Осы дерек бойынша ер адамның үстінен бірден екі бап бойынша, қоғамдық орында мас күйінде болғаны және ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік материалдар толтырылды.
Сонымен қатар, бұрын бұл адам қоғамдық орында мас күйінде болуына байланысты осындай құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Полицейлер мұндай фактілер, соның ішінде қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарды уақтылы тоқтатуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әкімшілік учаскелерді үнемі аралап шығудың арқасында анықталатынын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1243467?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау