«Заң мен тәртіп» – қоғам тұрақтылығының негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала әкімдігінде «Заң мен тәртіп» қағидасын қоғамда кеңінен насихаттау және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында әдістемелік семинар өтті.

Семинарды қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов жүргізіп, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры,құқық қорғау саласының ардагепі, қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы “Заң мен тәртіп” идеологемасын ілгерілету, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, патриоттық тәрбие беру, қауіпсіз орта қалыптастырудағы жергілікті атқарушы органдармен атқарылатын жұмыстар туралы баяндамалар жасады.

Жиын қорытындысымен қала әкімдігіне қарасты мекемелерде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту семинарларын өткізу, сондай-ақ тұрғындар арасында «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттау бойынша жауапты сала басшыларына нақты міндеттер тапсырылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1243758?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version