Орал қаласы әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі өтті
2026 жылғы 12 маусым күні Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында «Жетістік формуласы: дарын, еңбек, білім» атты кездесу өтті. Іс-шараға Орал қаласының әкімі М.Байменов қатысып, халықаралық және республикалық ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген дарынды оқушылармен жүздесті.
Кездесуге білім мен ғылым саласында үздік жетістіктер көрсеткен 30 дарынды оқушы, олардың жетекші ұстаздары, мектеп директорлары мен ата-аналары қатысты. Шара барысында оқушылар өздерінің жетістіктері, ғылыми-зерттеу жұмыстары, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадалардағы жеңістері туралы баяндап, алдағы мақсат-міндеттерімен бөлісті. Сонымен қатар жастардың білім алуы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған қолдау шаралары, дарынды балаларды ынталандырудың маңызы жөнінде пікір алмасу өтті.
Орал қаласының әкімі Мұрат Болатұлы дарынды жастардың жетістіктерін жоғары бағалап, олардың табыстары қаланың ғана емес, еліміздің мақтанышы екенін атап өтті. Білім мен ғылым жолындағы еңбектері үшін оқушыларға, олардың жетекші ұстаздарына және балаларының жетістіктеріне қолдау көрсеткен ата-аналарға алғысын білдірді.
Дарынды оқушылар мен олардың жетекшілеріне Орал қаласы әкімінің Алғыс хаттары мен сый сертификаттары табысталды. Сонымен қатар оқушылардың жетістіктеріне қолдау білдіріп жүрген ата-аналар да Алғыс хаттармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-oral/press/news/details/1244207?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау