«ЖЕТІСТІК ШЫҢЫНДАҒЫ ҮЗДІКТЕР»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 маусымда Орал қаласының әкімі Мұрат Болатұлы Байменовтің қатысуымен білім беру саласындағы үздік жетістіктерді марапаттауға арналған дәстүрлі «Жетістік шыңындағы үздіктер» жыл қорытындысы өтті.

Салтанатты шара барысында өңірдің білім беру жүйесінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ұйым басшылары Батыс Қазақстан облысы әкімінің, Орал қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен, БҚО білім басқармасы мен Кәсіподақ ұйымының марапаттары салтанатты түрде табыс етілді.

2026 жылдың үздік білім беру ұйымдары:

«ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕП – 2026» – №42 «Ақ Ниет» гимназиясы

«ҮЗДІК ЖЫЛ МЕКТЕБІ – 2026» – №20 жалпы орта білім беретін мектебі

«ҮЗДІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ – 2026»- Оқушылар сарайы

«ҮЗДІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ – 2026»- №34 «Балбұлақ» бөбекжайы

«ҮЗДІК ЖЕКЕ МЕКТЕП – 2026 – Abyroi School

Үздік білім беру ұйымдары анықталып, жеңімпаздарға арнайы статуэтка мен 500 000 теңгелік сертификат салтанатты түрде табысталды. Номинация жеңімпаздары арнайы дипломдармен және 200 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды.

Бұл марапаттар – сапалы білім мен саналы тәрбиені қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбек пен кәсіби шеберліктің, жаңашылдық пен тиімді басқарудың нәтижесі. Білім беру ұйымдарының жетістіктері – өңірдің зияткерлік әлеуеті мен жарқын болашағының кепілі.

Барша жеңімпаздарды жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-oral/press/news/details/1244217?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version