Жетісу облыстық мәслихатының кезекті көшпелі XXXVII сессиясы өтіп, күн тәртібіне енгізілген мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия барысында депутаттар Жетісу облысының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекітті. Бұл құжат өңірдегі қаржылық тұрақтылықтың сақталғанын, сондай-ақ жоспарланған жобалар мен бағдарламалардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын айқындайды.

Сонымен қатар, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасының 2024-2029 жылдарға арналған іс-шараларының орындалуы жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Баяндамада елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар кеңінен баяндалды.

Көшпелі сессияда тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Жетісу облысында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері белгіленді. Аталған шешім мәдени мұра нысандарын сақтау, тиімді пайдалану және олардың тарихи құндылығын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, сессия барысында «Ескелді аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК диагностика ғимаратын салу және оны компьютерлік томография жабдықтарымен жарақтандыру жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша 2027-2031 жылдарға арналған мемлекеттік міндеттемелер қабылданды. Бұл жоба аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға және заманауи диагностика мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Жетісу облыстық мәслихатының бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Жетісу облысы жер комиссиясының құрамы мен комиссия туралы ережеге, облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамына, сондай-ақ әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамына қатысты өзгерістер мақұлданды.

Сессия қорытындысында депутаттар қабылданған шешімдердің өңірдің тұрақты дамуына серпін беріп, қоғамдық бастамалардың тиімді жүзеге асуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1244203?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version