БІЛУ МАҢЫЗДЫ!
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАТАҢ ҚОРҒАЛАДЫ.
Жұмыс беруші жүкті қызметкерді жұмыстан шығара алмайды (кәсіпорын толығымен жабылған жағдайдан басқа), оның денсаулығына зиянды жағдайларды алып тастап, жеңілдетілген еңбек режимін қамтамасыз етуге міндетті.
•Жүкті әйелдерге берілетін негізгі еңбек кепілдіктері:
•Жеңілдетілген жұмыс жағдайы: Медициналық анықтама негізінде, еңбек нормалары мен қызмет көрсету нормалары азайтылады немесе зиянды факторлардың әсері толық тоқтатылады. Бұл ретте қызметкердің орташа жалақысы толық сақталады.
•Дәрігерлік тексерулерге уақыт бөлу: Жүкті әйел скрининг пен дәрігерлік бақылауға (егер олар жұмыс уақытында өтетін болса) қатысатын кезде, жұмыс беруші орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкерді жұмыстан босатуға міндетті.
•Қосымша жұмыстарға тыйым салу: Жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмыстарға, үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі еңбекке тартуға мүлде жол берілмейді. Вахталық әдіспен жұмыс істеуге және олардың жазбаша келісімінсіз қызметтік іссапарларға жіберуге.
•Толық емес жұмыс уақыты: Жүкті қызметкердің өтініші бойынша, жұмыс беруші оған толық емес жұмыс күнін немесе толық емес жұмыс аптасын белгілеуге міндетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1243742?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау