Жыланды көргенде не істеу керек?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауа райы жылына бастасымен жыландар белсенді бола түседі. Оларды көбінесе су айдындарының маңынан, таулы аймақтардан, табиғат аясынан және саяжайлардан жиі кездестіруге болады. Қауіпті жағдайларды болдырмау үшін:  серуендеу кезінде аяқ астыңызға қараңыз;  тастарды, ін мен қалың шөптерді қолыңызбен ұстамаңыз;  табиғат аясына шыққанда жабық аяқ киім киіңіз;  жыланды ұстауға немесе өлтіруге әрекеттенбеңіз. Егер жыланды көріп қалсаңыз: Сабыр сақтаңыз, кенеттен қозғалмаңыз және баяу қимылмен қауіпсіз қашықтыққа шегініңіз. Жылан шағып алған жағдайда:  зардап шегушінің қимылын шектеңіз;  әшекей бұйымдар мен тар киімдерді шешіп тастаңыз;  тыныштықты сақтаңыз;  шұғыл түрде медициналық көмекке жүгініңіз немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз! @112jambyl

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1243881?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version