2026 жылғы 20 маусым күні Рахат ауылдық округіне қарасты Қайназар ауылындағы тау бөктерінде демалушылар арасында қауіпсіздік талаптарын сақтау және табиғатты ластамау бойынша профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 маусым күні Рахат ауылдық округіне қарасты Қайназар ауылындағы тау бөктерінде демалушылар арасында қауіпсіздік талаптарын сақтау және табиғатты ластамау бойынша профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында демалушыларға қоқыс қалдырмау, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, рұқсат етілмеген жерлерде от жақпау, сондай-ақ белгіленбеген су айдындарында шомылмау жөнінде түсіндірме берілді.

Түсіндіру жұмыстарына Еңбекшіқазақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің және Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, жергілікті учаскелік полиция инспекторы қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1244766?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version