41,8 млрд теңге инвестиция: Ақтөбеде сусын зауытының құрылысы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласында Coca-Cola İçecek (CCI) Kazakhstan компаниясының алкогольсіз сусындар өндіретін жаңа зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобасын іске асыру басталды.Жобаның құны – 41,8 млрд теңге.

Жаңа өндірістік нысан компанияның Қазақстандағы төртінші зауыты болады. Жобаны іске асыру нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің өндірістік әлеуеті артып, облыс экономикасына қосымша инвестициялар тартылмақ.

Салтанатты рәсімге мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты. Олардың қатарында Бас прокуратура Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Арман Хасенов те болды.

«Жаңа зауыттың іске қосылуы – инвестордың Қазақстанға деген сенімінің айқын көрсеткіші әрі бизнес пен мемлекеттің тиімді өзара іс-қимылының нәтижесі. Мұндай жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға, заманауи технологияларды тартуға және өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді», – деді Арман Хасенов.

Оның айтуынша, инвесторлардың құқығын қорғау және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1244569?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version