Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Үйлестіру кеңесінің жаңа мүшелерімен жұмыс кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Үйлестіру кеңесінің жаңа мүшелерімен жұмыс кездесуі өтті.
Еске сала кетейін, 2026 жылғы 10 маусымда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайтында дауыс беру қорытындылары мен Үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасы жарияланды. Іріктеу нәтижесі бойынша кеңес құрамына өңірімізден Светлана Крутоус  пен Юлия Аскарова кірді.
Кездесу барысында алдағы бірлескен құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары талқыланып, жақын кезеңге арналған жұмыс басымдықтары айқындалды.
Ұлттық превентивтік механизмнің қызметі, жабық мекемелерге мониторинг жүргізу, Азаптауға қарсы конвенцияның Факультативтік хаттамасының ережелерін қоса алғанда халықаралық стандарттарға сәйкес азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу, сондай-ақ осы бағыттар бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Ұлттық превентивтік механизм қатысушыларының шоғырландырылған баяндамаларында көрсетілген қорытындылар мен ұсынымдар қаралды. Атап айтқанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен арнайы мекемелердегі ұстау жағдайлары, медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету, құқықтық қорғауға қолжетімділік және адам құқықтарының негізгі кепілдіктерін сақтау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға құқықтық көмек көрсету, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің жанындағы Сараптамалық кеңеспен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ Уәкіл жанындағы Жастар комиссиясы мүшесінің құқықтық ағарту және қоғамдық қызметке қатысу мәселелері қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1244806?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version