Медицина қызметкері күніне орай Ұлытау облысының әкімі Д.А. Рыспеков денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі, жоғары кәсібилігі және өз ісіне адалдығы үшін өңірдің үздік медицина қызметкерлерін марапаттады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті қызметкерлері – басшының орынбасары Айгүл Райымбекова және медициналық қызмет саласындағы бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Құралай Халықова облыс әкімінің “Алғыс хатымен” марапатталды.
Бұл марапат олардың адал еңбегінің, жоғары жауапкершілігінің және өңірдегі медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы болып табылады.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға зор денсаулық, отбасы амандығын, кәсіби қызметтерінде жаңа жетістіктер мен Ұлытау облысының денсаулық сақтау жүйесінің игілігі жолындағы еңбектеріне толағай табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-ulytau/press/news/details/1244843?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау