Алакөл жағалауында өткен бұқаралық жүгіру жарысы спорт сүйер қауымның басын қосып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген әуесқой және кәсіби спортшылар қатысып, әртүрлі қашықтықтарда бақ сынады.
ALAKOL RUN-2026 қатысушыларға тек жарыс атмосферасын ғана емес, Алакөлдің ерекше табиғатын тамашалап, жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік сыйлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, барлық қатысушыларға естелік медальдар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жаңа спорттық белестер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1244846?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау