2026 жылғы 17 маусымда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Департамент пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімдерді іске асыру шеңберінде Балқаш станциясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңындағы тасымалдар» филиалы Қарағанды өңірлік филиалының Балқаш телімі қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар тағамнан уланудың, жіті ішек инфекцияларының алдын алу мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1245067?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау