Ақтауда теңіз жағалауынан 20-ға жуық заңсыз кәсіпкерлік нысаны алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес «Ақжелкен» тұрғын алабындағы «Солдат» жағажайында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында жағалау аумағында заңсыз орнатылған шатырлар, көлеңкелі беседкалар мен тапшандар анықталды.

Осыған байланысты кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптары кеңінен түсіндірілді. Нәтижесінде жағалау аумағынан 20-ға жуық кәсіпкерлік нысан алынды.

Еске сала кетейік, 2025 жылы аталған аумақта қала әкімдігінің ұйымдастыруымен рұқсат құжаттары жоқ 150-ге жуық көлеңкелі шатыр, палатка, беседка, тир нысандары, күш өлшегіш құрылғылар мен балалар ойын алаңдары демонтаждалған болатын.

– Құрметті кәсіпкерлер мен қала тұрғындары! Рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз. Осыған байланысты заң талаптарын сақтауға және кәсіпкерлік қызметті тек тиісті рұқсат құжаттары негізінде жүзеге асыруға шақырамыз, – деді Өмірзақ ауылы әкімінің орынбасары Ғабиден Молдағали.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-aktau-omirzak/press/news/details/1245051?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version