Атырауда дәстүрлі «TUNGI RUN-2026» түнгі марафон өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау қаласында «TUNGI RUN-2026» түнгі марафоны ұйымдастырылып, оған 500-ден астам тұрғын қатысты. Биыл екінші рет өткен спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және нашақорлық пен лудоманияның алдын алуға бағытталған қоғамдық бастамаларды қолдау.

Қатысушылар 3 және 5 шақырым қашықтықта бақ сынады. Түнгі форматтағы жарыс кешкі қаланың ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік беріп, шараның сәнін келтірді.

Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Марафонды 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақсұңқар» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1244881?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version